"Кедендік құнды анықтау әдістері" тақырыбы бойынша брифинг

"Кедендік құнды анықтау әдістері" тақырыбы бойынша брифинг

2025 жылғы 26 мамырда ҚР ҚМ МКК «Бас диспетчерлік басқармасы» РММ- де аумақтық органдар қызметкерлерімен бірге ЕАЭО заңнамасында белгіленген кедендік құнды анықтау әдістерін түсіндіруге және қолдану мәселелеріне арналған брифинг өтті.

Брифинг барысында, ҚР ҚМ МКК БДБ КДМБ Шығарылғаннан кейінгі құжаттарды және мәліметтерді тексеруді жүргізу бөлімінің басшысы – Мурзагильдин И. Т., ҚР ҚМ МКК БДБ КДМБ Шығарылғаннан кейінгі құжаттарды және мәліметтерді тексеруді жүргізу бөлімінің бас маманы – Бектай Ж. И. аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерімен бірге ЕАЭО нормаларына сәйкес кедендік құнды анықтаудың алты әдісін қолдану мәселелерін талқылап жүргізді.

Негізгі назар кедендік құнды анықтау әдістерін қолдану кезектілігіне аударылды: тауарлардың мәміле құны әдісінен бастап, резервтік әдіске дейін. Сондай-ақ, әр әдісті нақты жағдайларда қолдану ерекшеліктері, құнды құжатпен растау тәртібі, бағалау кезінде жиі кездесетін мәселелер қаралды.

Брифинг қатысушылардың қатарында Ақтөбе облысы бойынша МКД-нің бас маманы – Мамаев Ф. А., МКД Батыс Қазақстан облысы бойынша, «Орал – КРО» кеден бекетінің бас маманы – Магзумов С. М., кедендік құнды түзетуге, түрлі әдістерді шектеулі құжаттық негізде қолдануға қатысты өзекті сұрақтарға жауап алып, нақты практикалық мысалдарды қарастырды.

Брифинг қатысушылардың кедендік құнды анықтау және негіздеу ережелерін тереңірек түсінуіне ықпал етті. Бұл, әсіресе, халықаралық сауда кезінде және тауарларды шекара арқылы өткізу барысында өте маңызды.