Заңсыз акцизделетін өнімді анықтау жөніндегі ақпарат

Заңсыз акцизделетін өнімді анықтау жөніндегі ақпарат

28.04.2025 жылы Атырау облысы бойынша МКД жедел-тергеу іс-шаралары барысында Атырау облысы бойынша ТДМ-мен бірлесіп, Атырау облысы аумағына, атап айтқанда Атырау қаласы мен Құрманғазы ауданына темекі өнімдері мен алкоголь өнімі түріндегі заңсыз акцизделетін өнімді жеткізу бойынша заңсыз кәсіпкерлік қызмет тоқтатылды.

         Бірлескен іс-шаралардың нәтижелері бойынша 210 қорап темекі ("Oris", "Mondeo", "Zumrret" маркалары), 262 вап, 1535 литр (5 литрлік 307 пластикалық ыдыста) алкоголь өнімі тәркіленді.

         

         Атырау облысы бойынша МКД азаматтарды алкоголь өнімдері мен күмәнді шыққан темекі өнімдерін сатып алу кезінде қырағылық танытуға шақырады, өйткені контрафактілік өнімдер тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне елеулі қауіп төндіреді. Тек бірлескен күш-жігермен ғана көлеңкелі нарықты қысқартуға және халықтың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге болады.

         Алкоголь өнімдеріне жапсырылған есепке алу-бақылау маркаларының түпнұсқалығын "E-sapa" мобильді қосымшасының көмегімен, сондай-ақ "naqty onim"мобильді қосымшасының көмегімен темекі өнімдеріне тексеруге болады.        

        Акцизделетін өнімді заңсыз сату фактілері туралы облыс тұрғындары Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне Азаттық даңғылы 94 А мекенжайы бойынша немесе 318426 телефоны бойынша хабарлай алады.