Жеке тұлғалардың қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы

Жеке тұлғалардың қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы

2022 жылғы 29 желтоқсанда  «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы мақұлданып, 2023 жылдың наурыз айынан бастап қарызы бар азаматтар жеке тұлғалардың банкроттығына арыздар қабылдана бастады.

 Бүгінгі таңда Заңның негізгі ережелері туралы, сондай-ақ аталған проблемаларды шешу үшін қабылданған шаралар (қолданыстағы заңнамаға толықтырулар мен өзгерістер) туралы төмендегідей мәлімдейді.

Заңның негізгі ережелері

Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы Заң, үш түрлі рәсімді қарастырады. Олар  – соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдері. Барлық 3 рәсімді тек борышкер ғана бастай алады. Яғни несие беруші борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқы жоқ.

Олардың ішіндегі ең сұранысы көп - соттан тыс банкроттық рәсімі, оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.

Бұл рәсімді қолдану үшін келесі шарттар орын алады:

1) берешек 5,9 млн теңгеден (1600 АЕК) аспауы;

2) 12 ай ішінде өтеу болмаған;

3) тіркелген мүліктің, оның ішінде ортақ меншікте мүліктің болмауы керек;

4) банкпен реттеу жүргізілді.

Арнайы шарттары

- Арнаулы Әлеуметтік Көмек алушылар үшін (мұндай азаматтар үшін 12 ай ішінде төлемеу критерий қолданылмайды);

- бес жылдан астам берешегі өтелмеген тұлғалар үшін (мүліктің болуын тексеру және қарыз сомасына шектеулер белгіленбейді).

Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ e-Salyq Azamat немесе eGov мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Рәсімді жүргізу мерзімі 6 ай.

Осы мақсатта «Қолдау» жеке тұлғалардың банкроттығы туралы жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды.

Жүйе 24 мемлекеттік орган мен ұйымның деректер базасы арқылы өтініш беру және өтініш берушінің кіру критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Рәсімнің 6 айлық мерзімі ішінде жүргізілетін борышкердің қаржылық жағдайының екі кезеңдік мониторингі банкрот деп тану туралы сапалы шешім шығаруды қамтамасыз етеді.

Екінші рәсім: сот банкроттығы, азаматтар 1600 АЕК – тен астам (2024 жылы - 5,9 млн.теңге) және кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша борыштар бойынша қолдана алады.

Сот банкроттығы кезінде борышкердің мүлкі сауда-саттықта сатылады.

Бірақ мұнда да нюанстар бар. Кредитор борышкердің жалғыз тұрғын үйін сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы, егер ол кепіл нысанасы болған жағдайда ғана.

Борыштың қалған өтелмеген сомасы борышкердің арнайы банкроттық белгілері болмаған жағдайда есептен шығаруға жатады. Яғни, ол мүлікті, ол туралы ақпаратты жасырмауы және жалған мәліметтер бермеуі керек.

Алайда, алимент және басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген залал бойынша қарыздар, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін төлемдер есептен шығаруға жатпайтынын қаперге береміз.

 

Анықтама:

  • заңды тұлғалар мен ЖК банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер;
  • кәсіби бухгалтерлер;
  • заң кеңесшілері;
  • аудиторлар құрамына кіретін қаржы басқарушылары жүзеге асырады.

 

Олардың қызметтері ақылы, борышкердің мүлкі есебінен - айына бір ең төменгі жалақы (2024 жылы бұл 85 мың теңге). Мүлкі жоқ әлеуметтік осал адамдар үшін қаржы басқарушыларының қызметтерін мемлекет төлейді.

Үшінші рәсім, бұл тұрақты табыс болған жағдайда сотта қарыздарды төлеуге бөліп төлеу мүмкіндігін (5 жылға дейін) көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. Қалпына келтіру жоспары сотта бекітіледі.

Бұл ретте барлық міндеттемелерінің мөлшері (оның ішінде орындау мерзімі келмеген) өзіне тиесілі мүліктің құнынан аспайтын борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы өтінішпен ғана сотқа жүгінуге құқылы.

Бұл процедураның артықшылығы - одан кейін адам «банкрот» мәртебесін алмайды.

Салдар:

  • 5 жыл ішінде банктерден және микроқаржы ұйымдарынан кредиттер ала алмайды (ломбардтардың микрокредиттерін алудан басқа);
  • 7 жылдан кейін ғана қайта банкроттық;
  • қаржылық жағдайы банкроттықтан кейін 3 жыл бойы бақыланады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезінде мұндай салдар болмайды.