”Еңбек ардагері”

”Еңбек ардагері”

Бүгін Атырау облысы бойынша МКД-де ҚР салық және қаржы қызметінің үздігі, ҚР еңбегі сіңген қызметкер Батырбек Данбасұлы Юсуповқа ҚР ҚМ бұйрығымен берілген” Еңбек ардагері” медалі тапсырылды. Батырбек Данбасұлының еңбек өтілі 53 жыл, мемлекеттік қызметте 35 жыл, қаржы саласында 30 жыл. Қәзірде қоғам белсендісі. Ардагер өз сөзінде департамент басшысы Айдын Сауданбековке, МКК және ҚМ басшыларына ризашылығын білдіріп, ел алдындағы абройларың арта берсін деп тілек айтты.
Құтты болсын Батырбек Данбасұлы!