Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) растау туралы

Тауарларға ілеспе жүкқұжаттарын (ТІЖ) растау туралы
Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 01.04.2023 жылдан бастап ТІЖ ресімдеу бойынша пилоттық жоба күшіне енгенін ескертеді.
Осыған байланысты ТІЖ алушы ТІЖ ЭШФ АЖ-да тіркелген күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде расталған немесе бас тартылған ТІЖ ұсыну жүзеге асырылатын, көліктің кез келген түрі арқылы тауарды жеткізуді (тасымалдауды) қоспағанда, ЭШФ АЖ-да ТІЖ тіркелген күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде расталған және бас тартылған ТІЖ ұсынады.
Ұсынбаған немесе уақытылы ұсынбаған жағдайда ҚР ӘҚбТ-нің 283-1 бабы блойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Алушының ТІЖ растауы мынадай жағдайларда:
1) тауарларды экспортқа өткізу кезінде;
2) халықаралық ұшуларды, халықаралық әуе тасымалдарын орындайтын шетелдік авиакомпаниялардың әуе кемелеріне жанармай құю кезінде әуежайлар жүзеге асыратын авиациялық жанар-жағармайды өткізу кезінде;
3) алушы бір мезгілде мынадай өлшемшарттарға сәйкес келген кезде бөлшек сауданы жүзеге асыратын субъект болып табылатын:
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын;
ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын;
қызметінің түріне (бөлшек сауда, экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне сәйкес азық-түлікпен және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету,) сәйкес келетін;
деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-касса машинасын қолданатын салық төлеушіге тауарларды өткізу кезінде.
Мұндай салық төлеуші ТІЖ ресімдеу кезінде алушының санатына автоматты түрде "Шағын сауда нүктесі" белгісі қойылады.