Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы аналитикалық анықтама

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы аналитикалық анықтама

Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Департаменттің 2026 жылғы 30 наурыздағы №355 бұйрығы негізінде құрылған жұмыс тобы арқылы жүргізілді.

          Үлгілік қағидаларға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:

          Департаменттің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

          Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

          Бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде дискрециялық өкілеттіктер мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін нормалар анықталады.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылғы 1 мамыр мен 2026 жылғы 1 мамыр аралығында жүргізілді.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жұмыс тобы арқылы жүргізілді, бұл ретте тәуелсіз сарапшылар (мамандар) тартылған жоқ.

          Департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау келесі мәселелер бойынша жүргізілді:

Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау;

Мүдделер қақтығысын реттеу;

Мемлекеттік қызметтер көрсету;

Рұқсат беру функцияларын іске асыру;

Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу;

Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша төмендегілер анықталды.

            Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі №522 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

          Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Есембеков Кенжегазы Мұкажанұлы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 мамырдағы №460-ж/қ бұйрығымен тағайындалған.

           Басшының орынбасары Шанаев Бекен Өтегенұлы Қазақстан Республикасы ҚМ МКК-нің 2021 жылғы 2 ақпандағы №53-ж бұйрығымен тағайындалған.

           Басшының орынбасары Адаев Отызбай Шәріпұлы Қазақстан Республикасы ҚМ МКК-нің 2025 жылғы 10 маусымдағы №345-ж бұйрығымен тағайындалған.

           Басшының орынбасары Құрманбаев Құрал Сәрсембекұлы Қазақстан Республикасы ҚМ МКК-нің 2024 жылғы 14 тамыздағы №537-ж бұйрығымен тағайындалған.

  1. Департамент қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде, ішкі құжаттарда және ақпараттық жүйелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

          Талдау жүргізу барысында заңнама нормаларының басшылыққа өз қалауы бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік беру жағдайларының болуы; лауазымды тұлғалардың нормативтік құқықтық актілер мен ішкі құжаттарды еркін түсіндіруіне мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтардың болуы; бизнес-процестердегі ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері зерделенді.

Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде Департамент шығаратын құқықтық актілерде (бұйрықтар, жазбаша нұсқаулар) сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен құқықтық олқылықтар анықталған жоқ.

  1. Департаменттің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

          Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдарды айқындау

           Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметке жүргізілген ішкі талдау Департаментте және оның аумақтық бөлімшелерінде персоналды басқару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатынын көрсетті. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарына, сондай-ақ өзге де заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

            2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Департаменттің штат саны 390 бірлікті, нақты саны – 364 бірлікті құрады, оның ішінде Департамент бойынша – 227, нақтысы – 217, Мемлекеттік кірістер басқармалары бойынша – 163, нақтысы – 147. Департаменттің жасақталуы 95,6%, ал Мемлекеттік кірістер басқармаларының жасақталуы 90,2% құрады.

            2025 жылы Департамент бойынша қызметкерлердің ауысуы (жұмыстан шығуы) 64 адамды құрады, оның ішінде:

өз еркімен – 30;

теріс себептер бойынша – 0;

басқа мемлекеттік органға ауысуына байланысты – 31 (конкурс арқылы);

зейнеткерлікке шығуына байланысты – 2;

өзге себептермен (еңбек заңнамасын бұзу) – 1.

            2025 жылы Департаменттің лауазымды тұлғаларына 73 тәртіптік жаза қолданылды, оның ішінде қызметтік тергеп-тексеру жүргізілместен – 58 (ескерту – 25, сөгіс – 32, қатаң сөгіс – 1).

           Қызметтік тергеп-тексеру жүргізу арқылы 15 тәртіптік жаза қолданылды, оның ішінде: ескерту – 5, сөгіс – 3, қатаң сөгіс – 2, мемлекеттік лауазымын төмендету – 1, толық емес қызметтік сәйкестік туралы ескерту – 4.

           Үш ай өткеннен кейін Департамент басшысының келісімі бойынша 34 тәртіптік жаза мерзімінен бұрын алынды.

           2025 жылы қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін теріс қылықтар фактілері тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған қызметкерлермен Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі қатысуымен әңгімелесулер өткізілді (2025 жылғы 29.03 №1 хаттама, 2025 жылғы 19.03 №2 хаттама, 2025 жылғы 06.06 №3 хаттама, 2025 жылғы 22.08 №4 хаттама).

             Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 21 қазандағы №21 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 23 қарашада №14448 болып тіркелген Сынақ мерзімінен өту шарттары және тәлімгерлерді бекіту тәртібі қағидаларына сәйкес жас мамандарға мемлекеттік кірістер органдарында үлкен еңбек өтілі бар тәжірибелі қызметкерлер арасынан тәлімгерлер бекітілді.

           «Персоналды басқару» бағыты бойынша құқықтық актілерде және бизнес-процестерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

          Бос лауазымдарға орналасу кезінде жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алынғандар, туған және өгей аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымдарға тікелей бағынысты болу фактілері анықталған жоқ.

           Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызмет бойынша ілгерілету олардың біліктілігін, құзыреттерін, қабілеттерін, еңбегін және қызметтік міндеттерін адал орындауын ескере отырып жүзеге асырылады.

           Бос мемлекеттік лауазымдарға орналасу кезінде белгілі бір кандидаттарға заңсыз артықшылық беру фактілері анықталған жоқ.

           Мүдделер қақтығысын реттеу кадр қызметіне және Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкіліне жүктелген.

           2025 жылғы 1 мамырдан 2026 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңдегі Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметіне жүргізілген талдау барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережеге сәйкес жүктелген функцияларды орындау шеңберінде жұмыс жүргізілгені анықталды.

           Тоқсандық есептерге сәйкес, есепті кезеңде мүдделер қақтығысының туындауы немесе туындау мүмкіндігі туралы жазбаша өтініштер түскен жоқ.

 Жүргізілген талдау Әдеп жөніндегі уәкіл қызметінің ашықтығын көрсетті.

          Департамент қызметінде мүдделер қақтығысын реттеу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу

         Департамент қызметіндегі бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу

         Департамент қызметінде жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу мәселелері бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

         Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану мәселелері бойынша жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

  1. Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыт бойынша жүргізілді: борышкердің қасақана банкроттық белгілерінің және оның төлем қабілетсіздігіне әкеп соққан өзге де әрекеттердің болуы/болмауы туралы қорытындылар мен анықтамаларды дайындау.

             Талдау барысында келесі мәселелер зерделенді: қасақана банкроттық белгілерінің болуы немесе болмауы туралы қорытындылар мен анықтамаларды дайындау процестері; борышкерлердің материалдары мен құжаттарын қарау тәртібі; өтініштерді қарау мерзімдерінің сақталуы; қабылданатын шешімдердің толықтығы мен объективтілігі; ішкі бақылау тетіктері.

            Талдау нәтижесінде Басқарма қызметінде келесі факторларға байланысты жекелеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бар екендігі анықталды: борышкер құжаттарын толық зерделемеу; қорытындыларды дайындау кезінде бірыңғай тәсілдің болмауы; процестерді автоматтандыру деңгейінің жеткіліксіздігі; талдау жүргізу кезіндегі адами фактор; ішкі бақылаудың жеткіліксіздігі; борышкерлердің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу кезінде субъективті көзқарасқа жол берілу мүмкіндігі; қорытындыларды дайындау кезінде жекелеген рәсімдердің жеткілікті регламенттелмеуі; келіп түсетін құжаттардың едәуір көлеміне байланысты материалдарды қарау мерзімдерінің бұзылу тәуекелі; талдау жүргізудің жекелеген кезеңдерін бақылаудың автоматтандырылған тетігінің болмауы.

           Ықтимал салдарлар: объективті емес шешім қабылдау; субъективті шешім қабылдау үшін жағдайлардың туындауы; қателіктерге жол берілуі және мерзімдердің бұзылуы; жұмыстың тиімділігінің төмендеуі.

           Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша ұсынылатын шаралар:

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту мақсатында: талдау жүргізу мерзімдерінің сақталуына және оның толықтығына ішкі бақылауды күшейту; ақпараттық жүйелер арқылы талдаудың жекелеген кезеңдерін автоматтандыруды қамтамасыз ету; қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша тұрақты оқыту іс-шараларын өткізу; мүдделер қақтығысына байланысты шектеулердің сақталуын бақылауды күшейту; Басқарма қызметкерлерінің қызметіне мерзімді мониторинг жүргізуді ұйымдастыру ұсынылады.

           Жою жөніндегі ұсынымдар:

           Жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша Басқарма қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылатыны анықталды.

         Сонымен қатар, профилактикалық сипаттағы қосымша шараларды қабылдауды талап ететін ұйымдастырушылық және рәсімдік сипаттағы жекелеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Осыған байланысты ИС ИСНА шеңберінде талдау жүргізу процесін және оның нәтижелерін автоматтандыру қажет, бұл ретте байқалып отырған сыбайлас жемқорлық тәуекелі толықтай жойылатын болады.

          Қорытынды

          Ұсынылған іс-шараларды іске асыру Басқарма қызметінің ашықтығын арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға және жүктелген функцияларды орындау тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.