Атырау облысы бойынша МКД-нің 2025 жылға атқарылған жұмыс қорытындылары.

Атырау облысы бойынша МКД-нің 2025 жылға атқарылған жұмыс қорытындылары.

      Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындалуына салық бақылауын жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыра отырып, мемлекеттік бюджетке кірістер түсімі жөніндегі тапсырманы асыра орындалуын қамтамасыз етті.


      Мемлекеттік бюджетке 2 819,6 млрд. тенге көлемінде белгіленген болжам 108,6 пайызға орындалып, 3 061,5 млрд теңге түсті. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсім қарқыны 118,6% немесе 479,8 млрд. теңгеге артық қамтамасыз етілді.
Оның ішінде:
      •⁠ ⁠республикалық бюджетке болжам бойынша 1 952,5 млрд тенгенің орнына 2 170,3 млрд тенге түсіп, жоспар 111,2 пайызға орындалды. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсім қарқыны 120,7% немесе 372,1 млрд. теңгеге артық қамтамасыз етілді.
      •⁠ ⁠жергілікті бюджетке 867,1 млрд. тенге көлемінде белгіленген болжам бойынша түскен түсім 891,2 млрд теңгені құрап, болжам 102,8 пайызға орындалды. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсім қарқыны 113,7% немесе 107,7 млрд. теңгеге артық қамтамасыз етілді.


      Сондай-ақ, Атырау облысы бойынша мұнай компаниялары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 2 007,7 млрд тенге аударды. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсім қарқыны 109,7% немесе 177,2 млрд. теңгеге артық қамтамасыз етілді.
 Шоғырланған бюджетке ұлттық қорға аударымдарды қоса есептегенде барлығы 5 069,2 млрд тенге түсті. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдердің өсім қарқыны 114,9% немесе 657,0 млрд. теңгеге артық қамтамасыз етілді. Атырау облысы бойынша салық төлеушілерден 2025 жылы түскен түсім Республика бойынша барлық түскен түсімнің 19 пайызын құрады.


      2025 жылға республикалық бюджеттен ҚҚС-нан нөльдік ставка бойынша 26,6 млрд.теңге қайтарылды. Оның ішінде Қашаған жобасының мердігерлеріне қайтарылған сома 11 млрд.тенгені құрады.
Сонымен қатар, департаменттің жұмысы бюджетке түсімнің уақытында әрі толықтай түсуін қамтамасыз етуге негізделген. Түсімдердің қосымша қорларын іздеу департамент жұмыстарының бірден-бір маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Бюджетке салықтардың толықтай түсуін қамтамасыз ету мақсатында, камералдық бақылау, салықтық тексеру және салықтарды төлеуден жалтарулардың схемаларын айқындау жұмыстары жүргізілді. Осы атқарылған жұмыстар нәтижесінде ағымдағы жылы бюджетке қосымша 55,6 млрд.теңге өндірілді.