Салық төлеушілердің назарына!

Салық төлеушілердің назарына!

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 616-бабының 13-ші тармақшасына сәйкес соттарда:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;
  • 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;
  • мүгедектігі бар адамдар, сондай-ақ бала жасынан мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі – барлық iстер мен құжаттар бойынша. мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

Жоғарыда аталған адамдарға сот органдарына талап қою кезінде бюджетке мемлекеттік баж төлеуді жүзеге асыру талап етілмейді.

Осыған байланысты, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен мүгедектігі бар тұлғаларды Салық кодексінің 616-бабының 13-ші тармақшасында көзделген тәртіппен соттарда мемлекеттік баж төлеуден босату туралы жеке тұлғаларды ақпараттандыру мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қабылдау және өңдеу орталығының залдарында және екінші деңгейдегі банктерінде салық төлеуші назарына жадынама орналастыру жұмыстары жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік баждың артық төленген сомасын
 қайтару мерзімі бюджетке мемлекеттік баждың осындай сомасы төленген
 күннен бастап үш жылды құрайды (Салық кодексінің 108-бабының 6 -тармағы).