Меню
Страницы

ХҚКО мамандарына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді

ХҚКО мамандарына мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді

      2026 жылғы 22 қыркүйекте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

      Кездесу барысында салық төлеушілерден келіп түсетін өтініштерді қабылдау тәртібі, оларды дұрыс рәсімдеу, қажетті құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сақталуы тиіс талаптар жан-жақты түсіндірілді.

      Атап айтқанда, Мемлекеттік корпорация арқылы альтернативті түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді қабылдау ерекшеліктері, қызмет алушыларға ақпарат беру тәртібі және өтініштерді қарау барысында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

      Түсіндіру жұмыстарының мақсаты – Халыққа қызмет көрсету орталығы мамандарының салық саласындағы мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша білімін жетілдіру, өтініштерді қабылдау кезінде бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету және салық төлеушілерге көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыру.

      Іс-шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға мамандар тарапынан нақты жауаптар алды. Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты