Меню
Страницы

Әдеп жөніндегі уәкілдермен кездесу өтті

Әдеп жөніндегі уәкілдермен кездесу өтті

     2026 жылғы 14 қыркүйекте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Камшат Болатқызы Арыстанбековамен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Тасқын Тұрағалдыұлы Ақбаевпен кездесті.

     Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау мәселелері талқыланды. Қызмет барысында әдеп қағидаларын қатаң сақтау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

     Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында лудоманияның алдын алу мәселесі қаралды. Қызметкерлерге құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға байланысты заңнамада белгіленген шектеулер, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді. Құмар ойындарға тәуелділіктің адамның қаржылық жағдайына, психологиялық денсаулығына және қызметтік беделіне тигізетін кері әсері туралы айтылды.

     Мемлекеттік органдарда лудоманияның тәуекел факторларын болдырмау мақсатында тұрақты түрде түсіндіру және профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні атап өтілді.

     Кездесу соңында Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметкерлердің сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік қызметшілердің әдеп қағидаларын сақтауы жөнінде тиісті түсіндірмелер берді.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері