Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының аумағында бақылау-кассалық машиналарды қолдану мәселесі бойынша семинарға қатысты.
Семинарға бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар мен Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.
Департамент қызметкерлері Қазақстан Республикасы аумағында бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібі бойынша өзекті мәселелерді, бақылау-кассалық машинаның чегінде мемлекеттік тілде ақпарат орналастыру талаптарын, сондай-ақ бақылау-кассалық машиналардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірмелер берді.