Талдаумен қамтылған қызмет бағыты
1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану
1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
Тіркеуі (қайта тіркеуі) сотпен жарамсыз деп танылған салық төлеушілерге камералдық бақылау туралы хабарламаны қалыптастыру және жолдау процесі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін қамтитын жұмыс процесінің толық сипаттамасы
ТЖТ/ҚТЖТ бойынша камералдық бақылау туралы хабарламаны қалыптастыру және жолдау салықтық бақылау шараларын жүргізу тәртібін бекіту туралы Регламентте 21.07.2020 ж. №248 көзделген іс-шаралардан кейін (салық төлеушілерге қатысты мемлекеттік кірістер органдарының іс-қимылдарын ұйымдастыру тәртібін бекіту туралы, тіркеуі (қайта тіркеуі), мәмілелер (операциялар), шот-фактураны және (немесе) басқа да құжаттарды жазып беру әрекеті сотпен жарамсыз деп танылған, және сот актісімен заңды күшіне енген, алайда іс-жүзінде жеке кәсіпкерлік субъектісімен жұмыстардың орындалуы, қызметтердің көрсетілуі, тауарлардың жөнелтілуі және олардың контрагенттерімен жасалғаны дәлелденбеген).
Регламенттің 3-тармағына сәйкес : «МКБ соттан немесе басқа да мемлекеттік органдарынан материалдар алынған күннен кейінгі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде» іс-шараларды өткізудің басталуы белгіленген, алайда көрсетілген мерзіміне дейін сот шешімі уақтылы алынбаса не заңды күшіне енгені туралы белгі уақтылы қойылмаса және т. б., бұл уақтылы қабылданбаған іс-шараларға, ескіруге және басқа шаралар қабылдауға кедергі келтіруі мүмкін.
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты "Төрелік" және Төрелік 2.0" автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесін енгізді".
"Төрелік" ААТЖ -Қазақстан Республикасының соттарында құжат айналымы мен сот ісін жүргізу процесі толық автоматтандырылған, осы платформаның ұстаушысы Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі болып табылады.
Осыған байланысты, қабылданып жатқан шаралардың жүйелілігін ретке келтіру, бизнес-процесті жақсарту және жұмыс тәртібінің жоғары көлемін, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында ААТЖ "Төрелік " және сот шешімдерінің тізімдерін апта сайын қалыптастыру, онда талапкер Мемлекеттік кірістер органдары (ТЖТ/ҚТЖТ болып табылады, мәмілелерді жарамсыз деп тану), интеграциялау жолымен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР Сот әкімшілігі деңгейінде ТЖТ/ҚТЖТ бойынша материалдарды жолдау жұмыстары оңтайландыруды ұсынамыз кейіннен сот шешімінің күшіне енгені туралы белгі қоюды және осы тізбенің шаралар қабылдау үшін аумақтық Департаменттерге жіберілуін бақылай отырып жүргізіледі.
2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
Әдейі банкроттықтың белгілері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін қамтитын жұмыс процесінің толық сипаттамасы
Борышкер банкрот деп танылғаннан кейін 3 ай ішінде дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарманың қызметкері қасақана банкроттық фактілері бойынша талдау жүргізуге міндетті. ЭШФ мониторингі мен банктердің үзінді көшірмелерін әрбір қызметкер жеке жүргізеді және "адами факторды" алып жүреді.
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар
SDF (Smart Data Finance) АЖ жүйесінде қасақана банкроттық белгілерін автоматты түрде анықтау процесін іске асыру.
3) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
Уақытша сақтау мерзімдері бұзылған жағдайда заңнамада регламенттелген шараларды қабылдамау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін қамтитын жұмыс процесінің толық сипаттамасы
Жауапты лауазымды адамның уақытша сақтау мерзімдері бұзылған жағдайда декларация беру мерзімдерін бұзғаны үшін кінәлі адамды әкімшілік жауаптылыққа тарту жөнінде заңнамада регламенттелген шаралар қолданбауы. (ҚР ӘҚБтК 538-бабы. Кедендік декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi беру мерзiмдерiн бұзу).
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар
Уақытша сақтау мерзімдерін бақылау модулін "КЕДЕН ҰИП" АЖ-не енгізу автоматты режимде уақытша сақтау мерзімдерін бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бірақ кінәлі адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәліметтерді енгізбей уақытша сақтау мерзімдері бұзылған жағдайда тауарларға декларация беруді жүзеге асыруға, сондай-ақ ҚР 26.12.2017ж. №123-VI ҚРЗ "ҚР Кедендік реттеу туралы" Кодексінің 52-тарауына сәйкес қабылданған шаралар туралы мәліметтерді енгізуге мүмкіндік бермейді.
2. Мемлекеттік кірістер органдарының қызметін реттейтін құқықтық актілер және ішкі құжаттар 1) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
Кеден шекарасын кесіп өтетін тұлға мен кеден бекетінің қызметкері арасындағы байланыс.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін қамтитын жұмыс процесінің толық сипаттамасы
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VI ҚРЗ Кодексінің 412 бабының 4-тармағының 2 - абзацына сәйкес: "ҚР-дағы кедендік реттеу туралы" (бұдан әрі-Кеден кодексі) жеке тұлғалардың және (немесе) жеке пайдалануға арналған көлік құралдарының багажына кедендік қарап-тексеру жүргізу кезінде кедендік қарап-тексеру актісі оны кеден органдары кедендік операциялар жасау және (немесе) Кедендік бақылау жүргізу кезінде пайдаланатын жағдайда ғана жасалады. Осы нормада көрсетілген мән-жайларға қарамастан, адамның қол жүгін кедендік тексеру кезінде тексеру актісін ресімдеу қажеттілігі туралы норманы қосу қажет. Мәселен, кедендік шекараны кесіп өткен адам қызметкер ҚР және ЕАЭО кеден заңнамасында белгіленген жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты белгіленген салмақтық және сандық және/немесе басқа да нормаларға назар аудармауы үшін кеден қызметкерімен сыбайлас жемқорлық сөз байласуы мүмкін.
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар
Кеден кодексінің 412 - бабы 4-тармағының 2-абзацына және (немесе) кедендік бақылауды деген сөзден кейін "...әуе көлігімен жүретін адамдарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары кедендік бақылау объектілерін іріктеу қағидатына, Кедендік бақылау нысандарына және (немесе) кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларға негізделеді. Кедендік бақылау объектілерін, Кедендік бақылау нысандарын және (немесе) кедендік бақылауды жүргізуді қамтамасыз ететін шараларды таңдау кезінде тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланылады. Осылайша Кедендік бақылау толық жүргізілмейді және жолаушылардың жүріп-тұру уақытына әсер етпейді.
2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелінің атауы
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының кеден бекетінің қызметкерімен өзара байланысы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелін қамтитын жұмыс процесінің толық сипаттамасы
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 283-бабының 4-тармағына сәйкес порт АЭА мен логистикалық АЭА-ны қоспағанда, тауарларды АЭА аумағына әкелу осындай әкелу туралы кеден органын хабардар ете отырып жүзеге асырылады. "Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің № 247 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес порт АЭА мен логистикалық АЭА-ны қоспағанда, еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі қолданылатын АЭА аумағына тауарларды әкелу Мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі - МҚК) осы бұйрыққа 4 – қосымшаға сәйкес бекітілген нысан бойынша хабарламаны (бұдан әрі-хабарлама) электрондық түрде беру жолымен жүзеге асырылады.
Кедендік құжаттар ретінде мынадай құжаттардың бірі пайдаланылады: шот-фактура, тауар-көлік жүкқұжаты, мәлімделген кедендік рәсімге сәйкес МКО ресімделген тауарларға арналған декларация немесе соған сәйкес тауарлар еркін кедендік аймақтың кедендік рәсіміне орналастырылған өзге құжат; транзиттік декларация немесе өзге құжат (ХЖТ кітапшасы, Carnet АТА), транзиттік декларация ретінде пайдаланылады. АЭА аумағына тауарларды әкелу туралы шешімді МКО лауазымды адамы тауарлар мен құжаттарға қатысты кедендік бақылау жүргізілгеннен кейін қағаз жеткізгіште дереу қабылдайды. МКО тауарларды АЭА аумағына әкелу туралы хабарламаны тіркеудің қағаз журналында тауар-көлік жүкқұжаттарының келіп түскен көшірмелерінің есебін жүргізеді.
Қазіргі уақытта постта хабарламаларды тіркеу тек қағаз жеткізгіште жүзеге асырылады. Хабарламаларды тіркеу үшін постқа СЭҚҚ-ның өзі қатысуы керек.
Тәуекелді жою бойынша ұсыныстар
"Еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтың және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.02.2018 жылғы № 247 бұйрығына өзгеріс / толықтыру енгізуді хабарламаларды тіркеуді МКО қағаз жеткізгіште ресімдеу мүмкіндігінсіз "ТІЖ" ақпараттық жүйесі арқылы ғана жүзеге асырады. "ТІЖ" бағдарламасында тіркеулер үшін хабарламалар беруге арналған батырмасын әзірлеуді ұсынамыз, өйткені хабарламалар беруге арналған барлық құжаттар ТІЖ бағдарламасында орналасқан. Бұл іс жүзінде тіркеуді СЭҚ қатысушының қатысуынсыз электронды түрде жүргізуге мүмкіндік береді, бұл жолға жұмсалған уақытты үнемдейді және МКД қызметкерімен кез-келген байланысты мүлдем болдырмауға мүмкіндік береді.