
Темекі өнімдерін таңбалауды енгізудің негізгі мақсаты халықты контрафактілік өнімді тұтынудан қорғау және заңсыз айналымның көлеңкесінен шығару болып табылады.
"Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына сәйкес 2020 жылғы 1 қазаннан бастап темекі бұйымдарын бірдейлендіру құралдарымен таңбалау енгізілді.
Темекі бұйымдарын таңбалау Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 927 бұйрығымен бекітілген темекі бұйымдарын таңбалау және қадағалау қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Қағидалардың 46-тармағында темекі бұйымдарын өткізу кезінде айналымға қатысушы (көтерме саудагер) Қағидаларға 7 – қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау/беру актісін қалыптастырады, оған ЭЦҚ-ға қол қояды және темекі бұйымдарын өткізу күнінен кешіктірілмейтін мерзімде тіркеу нөмірін алу үшін тауарларды таңбалау мен қадағалаудың ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі-МПТ АЖ) жібереді.
Қағидалардың 48-тармағына сәйкес темекі бұйымдарын қабылдауды (Растауды) айналымға қатысушы (бөлшек сатушы) тауарды нақты қабылдау жүзеге асырылған күннен кейінгі күннен кешіктірмей қабылдау/беру актісі бойынша жүзеге асырады, оған ЭЦҚ қол қойылады және МПТ АЖ-ға беріледі.
Айналымға қатысушылардың екеуінен ЭЦҚ қойылған қабылдау/беру актісін алған кезде Оператор (Қазақтелеком АҚ) тауарларды қабылдау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелеріне береді.
Сондай-ақ, темекі өнімдерінде сәйкестендіру құралдары болмаған жағдайда, ӘҚБтК-нің 283-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлаймыз: