Ашық есік күні!

Ашық есік күні!

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ» жобасы аясында азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған іс-шара өткізеді.

Консультанттар ретінде заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палатаның, жеке сот орындаушылары палатасының және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Тұрғындар ағымдағы жылдың 29 сәуірінде сағат 15:00 - 18:00 аралығында «Saryarqa» ОСО алаңында құқықтық кеңес ала алады.

Заң кеңестері кезек тәртібімен көрсетіледі.