Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі: қандай салық жеңілдіктері қаралған?

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимі:  қандай салық жеңілдіктері қаралған?

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану тәртібі, мүмкіндіктері және қолайлы тұстары туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясы барысында арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген айтып берді.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ретроспективті түрде бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің (АСР) қолданылуы қайта басталды.

Бұған дейін бұл режим ковид пандемиясы кезінде 2021-2022 жж. ең көп зардап шеккен экономика салаларын қолдаудың уақытша шарасы түрінде енгізілген болатын.

Бөлшек салықтың АСР жеке тұлға түпкілікті тұтынушы болып табылатын сауда, қоғамдық тамақтану саласындағы қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді дамытуға бағытталған.

Бұл режимнің артықшылығы – бұл режимді қолданатын салық төлеушілер:

1)  қосылған құн салығы бойынша есепке тұрмауға құқылы;

2)  әлеуметтік салық төлеушілер емес;

3)  әр түрлі елді мекендерде қызметті жүзеге асыруға құқылы;

4) кәсіпкерлік қызметтен алынған табысты қызметкерлер үшін еңбекақы төлеу қорының сомасына азайтады.

Режимді қолдану шарттары:

1) жалдамалы қызметкерлер - 200 адамнан аспауы тиіс;

2) күнтізбелік жылдағы табыс - 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс (2024ж – 2,2 млрд.тг.);

3) ҚР Үкіметі айқындаған қызметтің тек бір немесе бірнеше түрін ғана жүзеге асырады.