Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі принциптері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі принциптері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мынадай принциптер негізінде жүзеге асырылады:

1) заңдылық;

2) адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың басымдығы;

3) жариялылық пен ашықтық;

4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жүйелі және кешенді қолдану;

6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын бірінші кезекте қолдану;

7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу;

8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы.