Қазақстан Республикасының резиденттігін растау

Қазақстан Республикасының резиденттігін растау

 Қазақстан Республикасының резиденті мыналар болып танылады:
1) жеке тұлғалар:
2) заңды тұлға.

Мемлекеттік қызмет көрсету әдістері
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) тұрғылықты жерін растауға салықтық өтініш.

Резидент емес жеке тұлғалар:
шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адамның жеке куәлігінің, Қазақстан Республикасында болу мерзімін растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың), Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаттың (болған жағдайда) нотариалды куәландырылған көшірмелері.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық және қағаз түрінде.