Қазақстан Республикасының салық резиденттігін растау

Қазақстан Республикасының салық резиденттігін растау

Қазақстан Республикасының салық резиденттігін растау

Мемлекеттік орган

ҚР Қаржы министрлігі

 

Қызмет алушылар

Заңды тұлғалар

Жеке тұлғалар

 

Қызмет көрсету орны

Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары көрсетеді.

 

Қызмет құны

Тегін

Мемлекеттік қызметті қалай алуға болады

  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы;

2) «Салық төлеуші кабинеті» веб-қосымшасы арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады www.egov.kz («Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденттері болып табылатын шетелдік заңды тұлғалардан, шетелдіктерден және ҚР азаматтығы жоқ адамдардан, шетелдіктерден немесе азаматтығы жоқ адамдардан басқа).

 

Резиденттікті растайтын құжатты алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Жеке тұлғалар үшін:

1.​ Қазақстан Республикасының Азаматы:

- салықтық резиденттікті растауды алуға арналған салықтық өтініш;

- Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі.

  1. ​Шетелдік және азаматтығы жоқ адам:

- салықтық резиденттікті растауды алуға арналған салықтық өтініш;

- шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің (нотариат куәландырған көшірмелері);

- Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат (бар болса, нотариат куәландырған көшірмелері);

- Қазақстан Республикасында болу кезеңін растайтын құжат (виза немесе көші-қон карточкасы, ҰҚК Шекара қызметінен анықтама, нотариат куәландырған көшірмелер).

  1. «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам:

- салықтық резиденттікті растауды алуға арналған салықтық өтініш;

- шетелдік паспорттың немесе азаматтығы жоқ адам куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;

- Қазақстан Республикасында болған кезеңді растайтын құжаттың (визаның немесе өзге де құжаттардың) нотариат куәландырған көшірмесі;

- резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

- «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыру туралы «Астана» халықаралық қаржы орталығының актісінде белгіленген нысан бойынша тиісті кезеңде беретін растау хаты;

- «Астана» халықаралық қаржы орталығының инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасына қатысу үшін бастапқы өтініштің алдындағы соңғы жиырма жыл ішінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған тұлға болып табылмайтындығы туралы Ішкі істер органы берген растау-хат.

 

Заңды тұлғалар үшін:

1.​Резидент болып табылатын шетелдік заңды тұлға оның тиімді басқару орны Қазақстан Республикасында орналасқан деген негізде:

- салықтық резиденттікті растауды алуға арналған салықтық өтініш;

- заңды тұлғаның тиімді басқару орнының (нақты басқару органының орналасқан жерінің) Қазақстан Республикасында болуын растайтын құжаттың (Директорлар кеңесінің жалпы жиналысының немесе осыған ұқсас органның өткізілетін орны көрсетілген хаттамасының немесе негізгі басқару және (немесе) бақылау орнын растайтын өзге де құжаттардың, сондай-ақ заңды тұлға үшін қажетті стратегиялық коммерциялық шешімдер қабылдаудың нотариат куәландырған көшірмесі; заңды тұлғаның Кәсіпкерлік қызметін жүргізу).

 

Қызмет көрсету нәтижесі

1) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша резиденттікті растайтын құжатты беру;

2) көрсетілетін қызметті берушінің Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.