«Конституциялық реформа» тақырыбында кеңес өткізілді.

«Конституциялық реформа» тақырыбында кеңес өткізілді.

2026 жылғы 22 қыркүйекте Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Конституциялық реформа» тақырыбында жиын өтті.
Іс-шараға арнайы шақырылған спикерлер — Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов, «Әділет» партиясы Астана қаласы Нұра аудандық филиалының төрағасы Жанар Жақыпова, сондай-ақ Департамент қызметкерлері қатысты.
Жиында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының негізгі ережелері мен жаңашылдықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері, сонымен қатар жаңа мемлекеттік басқару үлгісі аясында конституциялық нормаларды жүзеге асыру ерекшеліктері талқыланды.
Сондай-ақ жасанды интеллектті дамыту, мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, дербес деректерді қорғау және цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне аса назар аударылды. Кездесу соңында ашық сұхбат өтіп, қатысушылар конституциялық нормаларды іс жүзінде қолданудың өзекті сауалдары бойынша нақты жауаптар алды.