Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рəсімін қолдану туралы арыз беру негіздері.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе  сот арқылы банкроттық рəсімін қолдану туралы арыз беру  негіздері.

Борышкерге тиесілі мүлік құнының оның барлық міндеттемелерінің (оның ішінде орындалу мерзімі басталмаған) мөлшерінен асып кету фактісі жəне (немесе) тұрақты кірісінің болуы сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рəсімін қолдану туралы арыз беруге негіздер болып табылады.
Мыналар сотқа сот арқылы банкроттық рəсімін қолдану туралы арыз беруге негіздер болып табылады:
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы 1-бабының 11) тармақшасында көзделген кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша арыз берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен асатын міндеттемелердің болуы.
Егер борышкер «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы 5-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген шартқа сай келмесе, осы тармақшаның міндеттемелер мөлшері бөлігіндегі ережесі қолданылмайды;
өзге кредиторлар алдында міндеттемелердің болуы;
осындай арыз берілген күні қатарынан он екі ай ішінде кредиторлар алдындағы міндеттемелерді өтеудің болмауы.
Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жəне төлем күнінде қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір еселенген мөлшерінен асатын сомадағы төлем өтеу болып есептеледі;
арыз берілген күні жеті жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рəсімін қолдану фактісінің болмауы;
борышкерге қатысты «Қазақстан Республикасындағы банктер жəне банк қызметі туралы» жəне «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес банктік қарыз шарты жəне (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу жəне (немесе) өндіріп алу жөніндегі рəсімнің жүргізілуі.
Осы тармақшада көрсетілген, берешекті реттеуді жəне (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөніндегі шараларды мерзімі өткен берешек пайда болған кезден бастап он екі айдан аспайтын мерзімдерде жүргізу қажет.
Осы тармақшада көрсетілген, берешекті реттеуді жүргізу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі шараларды жүргізу туралы талаптар «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы 1-бабы 11) тармақшасының екінші бөлігінде көрсетілген кредиторлар алдындағы міндеттемелерге, сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа қолданылмайды.