
Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекші көшіп келушіге жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге берілген рұқсаттың негізінде еңбек шартын жасасқан бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісі мынадай кірістерден тұрады:
-бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 40 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ең аз салық салынатын кірісінің сомасынан;
-бейрезидент-еңбекші көшіп келушіге рұқсат алуға (оны ұзартуға) берілген өтініште бейрезидент-еңбекші көшіп келуші көрсеткен тиісті кезең үшін еңбек шарты бойынша алынуға жататын кірістің, осындай асып кету болған кезде – осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кірістен асып кету сомасы.
Бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің асып кету түріндегі кірісінің салық салынатын сомасы:
еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңдегі жұмыстар орындаудың, қызметтер көрсетудің әрбір айы үшін жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістері:
алу дәл осы кезеңдегі ең аз салық салынатын кіріс сомасы алу дәл осы кезеңдегі жұмыстар орындаудың (қызметтер көрсетудің) әрбір айы үшін, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріндегі сома ретінде айқындалады.
Бейрезидент-еңбекші көшіп келуші есептеген жеке табыс салығын ең аз салық салынатын кірістің сомасынан төлеу бейрезидент-еңбекші көшіп келуші рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің болған жерінде жүргізіледі.
Бейрезидент-еңбекші көшіп келуші кірісінің салық салынатын сомасынан салықтық кезеңдегі асып кету түрінде есептелген жеке табыс салығын төлеуді бейрезидент-еңбекші көшіп келуші болатын жерінде кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну мерзімінен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүргізеді.
Егер кірістің ең аз салық салынатын сомасынан есептелген, салықтық кезең ішінде төленген жеке табыс салығының сомасы бейрезидент-еңбекші көшіп келушінің кірісінен осы есепті салықтық кезеңде есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып кетсе, онда мұндай асып кету артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылуға немесе есепке жатқызуға жатпайды.