
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда шыны ыдысқа құйылған сыра мен сыра сусындарын міндетті түрде цифрлық таңбалау талабы күшіне енеді. Осы күннен бастап ел аумағында өндірілген немесе сырттан импортталған барлық өнім Data Matrix кодымен міндетті түрде таңбалануы тиіс.
Сыра мен сыра сусындарын таңбалауды кезең-кезеңімен енгізу кестесі:
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтердегі өнімдер;
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап – шыны ыдыстардағы өнімдер;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – қаңылтыр банкілердегі өнімдер.
Цифрлық таңбалау өнімнің өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап түпкілікті сатып алушыға дейінгі бүкіл жолын ашық бақылауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ нарық қатысушылары арасында тауар беру кезінде құжаттардың электронды түрде рәсімделуі мен расталуына кепілдік береді.