2026 жылғы 17 тамызда Астана қаласында елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2026 жылдың 7 айындағы негізгі көрсеткіштердің қорытындылары бойынша кеңес өтті.
Кеңеске Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Серік Манзоров, сондай-ақ Департамент басшысының орынбасарлары Азамат Нурлыбеков және Ғалымжан Амангелді қатысты.
Кеңес барысында Астана қаласының 2026 жылдың 7 айындағы негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, сондай-ақ Департамент қызметінің өзекті мәселелері мен жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету жөніндегі алдағы міндеттер қаралды.