
Толық емес кедендік декларациялау Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарларға қатысты жүзеге асырылады.
- Толық емес кедендік декларациялау кезінде көрсетілмеуі мүмкін мынадай:
- тауарларды алушы туралы;
- тауарлардың межелі елі және (немесе) сауда жасайтын ел туралы;
- декларацияланатын тауарларды тасымалдау үшін пайдаланылатын көлік құралдары туралы;
- тауарлардың орамалары туралы (саны, түрі, таңбалануы және реттік нөмірлері) мәліметтерді қоспағанда, Кеден Кодексінің 177-бабына сәйкес тауарларға арналған декларацияда көрсетуге жататын мәліметтер мәлімделуге тиіс.
Кедендік декларациялануы осы мәліметке сәйкес жүзеге асырылған тауарлар шығарылғаннан кейін декларант тауарлар шығарылған күннен бастап сегіз айдан кешіктірмей, тауарларға арналған декларацияда мәлімделген мәліметтерді өзгерту (толықтыру) арқылы жетіспейтін мәліметтерді кеден органына ұсынуға міндетті.
Бұл ережелер уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты қолданылмайды.