Дара кәсіпкер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалардың қызметін тоқтату тәртібі.

Дара кәсіпкер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалардың қызметін тоқтату тәртібі.

   Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей тұрған жеріндегі салық органына бір мезгілде:
- қызметін тоқтату туралы өтінішті;
- ҚР Салық Кодексінің 74-бабының 2-тармағына сәйкес таратудың салықтық есептілігін ұсынады.
  Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысатын адамның салықтық берешегі осындай адамдардың ақшасы, оның ішінде олардың мүлкін өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам салық органында тіркеу есебінен шығарылған кезде мұндай адамдар қызметін тоқтатты деп танылады. Дара кәсіпкерді немесе жеке практикамен айналысатын адамды тіркеу есебінен шығару үшін мынадай шарттардың бір мезгілде сақталуы:
-салықтық берешектің, әлеуметтік төлемдер бойынша, оның ішінде жүзеге асырылған салықтық әкімшілендіру қорытындылары бойынша берешектің болмауы;
-салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың артық (қате) төленген сомаларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және жағдайларда қайтарылуға жататын кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтар мен өсімпұлдардың артық төленген және (немесе) артық өндіріп алынған сомаларының болмауы негіз болып табылады.