Елордада "Халық бухгалтері"акциясының қатысушылары марапатталды

Елордада "Халық бухгалтері"акциясының қатысушылары марапатталды

Елордада "халық бухгалтері" акциясына қатысушыларға алғыс хаттар салтанатты түрде табыс етілді.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Мәди Такиев қол қойған Алғыс хаттар акцияға қатысушыларға жоғары кәсібилігі, іске жауапкершілікпен қарауы және халықтың салық сауаттылығын арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін табысталды.

"Халық бухгалтері" акциясы қоғамның салық мәдениетін арттыруға, азаматтардың қаржылық сауаттылығын қалыптастыруға және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы ашық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған іс-шаралар шеңберінде іске асырылады.

Іс-шара салықтық хабардарлық деңгейін арттыру және қоғамдағы салық міндеттемелерін адал орындау мәдениетін нығайту бойынша жүйелі жұмыстың маңыздылығын растады.