
Артық төленген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер қандай жағдайларда қайтарылмайды?
- басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылған кезде (заңды тұлға мен оның құрылымдық бөлімшесі арасындағы есепке жатқызуды қоспағанда);
- талап қоюшы талап-арыздан бас тартқан кезде;
- талап қоюшы өз талаптарының мөлшерін азайтқан кезде;
- сот бұйрығының күші жойылған кезде;
- аталған салықтар мен төлемдер бойынша салықтық есептілікті тапсыру тоқтатыла тұрған кезеңде – есептілік тапсырылған күнге дейін;
- салықтық тексеру жүргізіліп жатқан кезеңде – тексеру аяқталғанға дейін;
- Қазақстан Республикасының аумағында интернет-платформа арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компания төлеген қосылған құн салығы бойынша.
Талап қою мерзімі өткеннен кейін артық төленген салықтар, бюджетке төленетін төлемдер және өсімпұл сомалары есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды. Мұндай сомалар салық органының шешімі негізінде есептен шығарылады.