
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде басшының орынбасары - Әдеп жөніндегі уәкілі Азамат Нурлыбеков ай сайынғы оқыту іс-шараларының жоспары аясында Аудит басқармасының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинар барысында мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру кезінде қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту шаралары қарастырылды.
Салықтық тексерулер жүргізу кезінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау және ықтимал құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызмет жүйесінде адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған.