Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару

Салық органы салық төлеушіні қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның негізінде лицензиялауға жатпайтын қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен:
- Салық Кодексінің 104-бабының 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған;
- барлық салық салу объектілерін және тіркеу деректерінде көрсетілген салық салуға байланысты объектілер есептен шығарылған жағдайларда шығарады.

 Лицензиялауға жататын қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығаруды салық органы рұқсаттардың және лицензияның қолданылуын тоқтату туралы хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінен алынған мәліметтер негізінде жүргізеді.
 Салық төлеушіні жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу есебінен шығару салық органының шешімі негізінде мынадай:
- Салық Кодексінің 104-бабы 1-тармағының 1), 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің:
- Салық Кодексінің 104-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша болмаған;
- Салық Кодексінің 104-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 5) және 7) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп-қисапты Салық Кодексінде белгіленген ұсыну күнінен кейінгі күннен бастап үш айлық кезең ішінде ұсынбаған жағдайларда жүргізіледі.