
Резидент-салық төлеушінің Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі көздерден алған кірістерінен Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде төленген кіріс немесе пайда салығының немесе корпоративтік немесе жеке табыс салығына ұқсас өзге шетелдік салықтың сомалары осындай шетелдік табыс салығының төленгенін растайтын құжат болған кезде Қазақстан Республикасында корпоративтік немесе жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылуға тиіс.
Мұндай құжат шет мемлекеттің салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегі көздерден алынған кірістердің және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама болып табылады.
Егер шет мемлекеттiң салық органы берген және (немесе) куәландырған, шет мемлекеттегi көздерден алынған кірістердің және төленген салықтардың сомалары туралы анықтама шет тілде жасалса, оның Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен нотариат куәландырған, қазақ немесе орыс тіліне аудармасының болуы міндетті.