Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

Салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары (бұдан әрі – мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары) – салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде ерікті түрде орындалмаған салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындауын қамтамасыз етуге бағытталған салық органының әрекеттері.
Салық төлеушіге (салық агентіне) қолданылатын мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мыналар болып табылады:
- оның банктік шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу;
- дебиторлардың шоттарынан өндіріп алу;
- оның билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен өндіріп алу;
- жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару;
- Қазақстан Республикасынан шығуды уақытша шектеу;
- жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын шығару.