
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы іске асырылады:
- қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу.