Салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару

Салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару

Салық төлеушіні тіркеу есебінен алу мынадай жағдайларда:

      1) банкроттық себебі бойынша қызметін тоқтатқанды немесе таратылғанды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатқан немесе ол таратылған жағдайда – тиісті тіркеуші органға қызметті тоқтату туралы өтініш (салықтық өтініш) ұсынылған күннен бастап;

      2) банкроттық себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – дара кәсіпкер тіркеу есебінен шығарылған немесе заңды тұлға нөмірлер тізілімінен алынған күннен бастап;

      3) заңды күшіне енген сот актісімен дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеуді жарамсыз деп тану себебі бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған немесе ол таратылған жағдайда – салық төлеуші тіркеу есебіне қойылған күннен бастап;

      4) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен беру актісі ұсынылған күннен бастап;

      5) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда – таратудың салықтық есептілігі мен бөлу актісі ұсынылған күннен бастап;

      6) дара кәсіпкердің тіркеу есебінде тұрған жеке тұлға қайтыс болған жағдайда – салық төлеушілер базасынан алынған күннен бастап;

      7) жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібінен арнаулы салық режиміне көшкен жағдайда – арнаулы салық режимін қолдануды бастаған күннен бастап жүргізіледі.