Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу мерзімдері

Импортталатын акцизделетін тауарларға акциз төлеу мерзімдері
Салық Кодекстің 175-бабына сəйкес таңбалануға жататын импортталатын акцизделетін тауарларға акциз сəйкестендіру құралдарын, есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін төленеді.
 
2 тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген акцизделетін тауарларды импорттау жүзеге асырылған кезде акциз сомасы нақтылануға жатады жəне акцизделетін тауарларды импорттау күні қолданыста болатын акциз мөлшерлемесі қолданылады.