Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу

Коммерциялық емес ұйымдарға салық салу
Коммерциялық емес ұйымның 329 баптың 1-тармағында көрсетілмеген кірістері жалпыға бірдей белгіленген тəртіппен салық салынуға жатады.
 
Бұл ретте коммерциялық емес ұйым шығыстарының шегерімге жатқызылуға тиіс сомасы мына тəсілдердің бірімен:
 
-329 баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілмеген кірістердің коммерциялық емес ұйым кірістерінің жалпы сомасындағы үлес салмағы негізге алына отырып;
 
-329 баптың 1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген кірістер есебінен жүргізілген шығыстардың жəне басқа кірістер есебінен жүргізілген шығыстардың бөлек есепке алынуын көздейтін салықтық есепке алу деректері негізінде айқындалады.