«KEDEN» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі және пайдаланылуы мәселелері бойынша дөңгелек үстелге шақырады

«KEDEN» ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі және пайдаланылуы мәселелері бойынша дөңгелек үстелге шақырады

2026 жылғы 13 мамырда Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар мен салық төлеушілердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылау, сондай-ақ «KEDEN» ақпараттық жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болды.

Дөңгелек үстел аясында қатысушылар кедендік әкімшілендіруге, тауарларды рәсімдеу тәртібіне және ақпараттық жүйенің жұмысына қатысты мәселелерді қарастырды.

Іс-шара қорытындысы бойынша Департамент қызметкерлері келіп түскен ұсыныстарды одан әрі пысықтау және жұмысты жетілдіру бойынша тиісті шаралар қабылдау үшін тіркеді.