
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі Азамат Нұрлыбеков «Әуежай-Астана» кеден бекетінің қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепі» тақырыбында түсіндіру жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптары, қызметтік әдеп нормалары және антикоррупциялық шектеулер түсіндірілді. Сондай-ақ мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қызметтік міндеттерді атқару кезінде адалдық қағидаттарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара мемлекеттік қызметшілердің антикоррупциялық мәдениетін нығайтуға және құқықтық санасын арттыруға бағытталған.