Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні

Қосылған құн салығын есепке жатқызу күні

Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алған күніне тура келетін салықтық кезеңде есепке алынады.

Күші жойылған шот-фактурада жəне түзетілген шот-фактурада көрсетілген айналым жасалған күндерінде айырмашылығы бар жəне күндер əртүрлі салықтық кезеңдерге тура келетін жағдайларды қоспағанда, түзетілген шот-фактура жазып берілген жағдайда қосылған құн салығының сомасы күші жойылған шот-фактура бойынша осындай салық есепке алынған сол салықтық кезеңде есепке алынады.

Егер электрондық нысанда жазып берілген шот-фактурада қағаз жеткізгіште жазып берілген күн көрсетілсе, онда осы тармақтың мақсаттары үшін осындай күн шот-фактура жазып берілген күн болып танылады.

Осы тармақтың ережелері 481 баптың 2 - 5-тармақтарында белгіленген жағдайларда қолданылмайды.