Тіркеп-белгіленген активтер бойынша басқа да шегерімдер

Тіркеп-белгіленген активтер бойынша басқа да шегерімдер

Өтеусіз беруді қоспағанда, I топ объектісі шығып қалған кезде салықтық кезеңнің соңындағы осындай объектінің құндық балансы мөлшеріндегі сома I топтың тіркеп-белгіленген активінің шығып қалуынан алынған нəтиже деп танылады жəне осы Кодекстің 340-бабының 2 жəне 6-тармақтарында белгіленген тəртіппен есепке алынады.

Бұл жағдайда салықтық есепке алуда салықтық кезеңнің соңындағы I топ объектісінің құндық балансы нөлге дейін түзетіледі. Бұл ретте түзету сомасы шегерімге жатпайды.