Іссапарлар кезінде өтемақылар:
-бронь мен багаж үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, іссапар орнына жəне кері қайтуға жол жүру;
-бронь үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, іссапарда болған уақыт ішінде жұмыскердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде тұру;
-іссапарда болған уақыты үшін жұмыскерге салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін тəулікақы;
-келуге жəне кетуге рұқсаттарды (визаны) ресімдеу (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) шығыстары түрінде шегерімге жатады.
Шегерім осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілген, оның ішінде электрондық нысанда ресімделген шығыстарды растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі.
Бір елді мекен шегінде жол жүру шығыстары осы бапта көзделген шығыстарға жатпайды.
Іссапарға жіберілген жұмыскердің еңбекке уақытша жарамсыздығы кезінде оның тұруы шығыстары жəне тəулікақысы (іссапарға жіберілген жұмыскер стационарлық емделуде болған жағдайларды қоспағанда) шегерімге жатқызылуға жатады.