Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау

Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті орындау
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті кедендік баждарды, салықтарды төлеуші, осы Кодекске сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеушімен бірге кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша ынтымақты міндет атқаратын тұлғалар орындайды.
Кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті осы Кодекстің 94-бабының 11-тармағында белгіленген тәртіппен үшінші тұлға орындауы мүмкін.
Кеден өкілі кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндетті осы Кодекстің 494-бабын ескере отырып орындайды.