СӘИЖ СТК бойынша хабарлама

СӘИЖ СТК бойынша хабарлама
Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 15 сәуірден бастап «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» Cалық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) «Дербес шот» сервисінде пайдаланушылар жұмысының ыңғайлылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктер іске асырылғанын хабарлайды.
Салық төлеушілер «Барлық МКО/ЖӨБ дербес шотына қосу» опциясын таңдап, МКО немесе ЖӨБ кодын көрсетпей дербес шоттар құра алады. Бұл ретте қажет болған жағдайда жекелеген МКО немесе ЖӨБ бойынша сұрау салуды қалыптастыру мүмкіндігі сақталады.
Құрылымдық бөлімше бойынша дербес шотты сұрау функциясы қосымша іске асырылды, бұл деректерді егжей-тегжейлі мүмкіндіктерді кеңейтеді.
Сонымен қатар, сұраныстарды өңдеу нәтижелерінің журналы жетілдірілді. Онда жаңа өрістер пайда болды: МКО/ЖӨБ, кезең, сұрау жіберу уақыты, жауап алу күні мен уақыты.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін файлды жүктеу кезінде оның атауында МКО, БСН, БСК және дербес шот құрылған кезең туралы ақпарат автоматты түрде көрсетіледі.
Іске асырылған өзгерістер ақпарат алуды жеңілдетуге және сервис жұмысының ашықтығын арттыруға бағытталған.
СӘИЖ-нің салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kzсілтеме бойынша өту керек.