Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу жəне қайтару тəртібін айқындау жəне оның негізгі ережелері

Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасын есепке жатқызу жəне қайтару тəртібін айқындау жəне оның негізгі ережелері
Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:
-төлем құжатында:
-салық төлеушінің немесе салық органының сəйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;
-төлемнің мəтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына жəне (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сəйкес келмеген;
-банк ұйымы салық төлеушінің төлем құжатын қате орындаған;
-тіркеу есебінде тұрмайтын немесе салықтың немесе бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын салық төлеуші төлеуді жүргізген сома салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың қате төленген сомасы болып табылады.