Күмəнді міндеттемелер бойынша кіріс

Күмəнді міндеттемелер бойынша кіріс
Сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша, сондай-ақ жұмыскерлердің үш жылдық кезең ішінде қанағаттандырылмаған, есепке жазылған кірістері бойынша міндеттемелер күмəнді міндеттемелер деп танылады.
Алынған кредиттер (қарыздар, микрокредиттер) жөніндегі күмəнді міндеттемелер бойынша кіріске алынған кредиттің (қарыздың, микрокредиттің) сомасы енгізілмейді. Есепке жатқызудан алып тасталуға жататын қосылған құн салығын қоспағанда, күмəнді міндеттемелер салық төлеушінің жылдық жиынтық кірісіне енгізілуге жатады.
Осы бапты қолдану мақсатында жұмыскердің кірісі осы Кодекстің 426-бабына сəйкес айқындалады.