
2026 жылғы 7 сәуірде Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде «Мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі бағыттары және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер» тақырыбында кеңес өтті.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Жолданғар Ербол Қабдығалиұлы төрағалық етті.
Іс-шараға департамент басшысы Серик Манзоров, сондай-ақ бөлім қызметкерлері қатысты.
Кеңес барысында мемлекеттік қызметті дамытудың негізгі бағыттары, қызмет тиімділігін арттыру мәселелері қаралып, алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды.