Кедендік декларацияны беруге байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі

Кедендік декларацияны беруге байланысты кедендік операциялар және оларды жасау тәртібі
Кедендік декларацияны кеден органына беру кезінде:
-соларға қатысты осы Кодекске сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелмей кедендік рәсіммен орналастыруға жолберілетін, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілген тауарларды;
-құбыржол көлігімен немесе электр беру желілері арқылы өткізілетін тауарларды;
-кедендік декларациялау осы Кодекстің 185, 187, 188 және 189-баптарында айқындалған ерекшеліктермен жүзеге асырылатын шетелдік тауарларды қоспағанда, тауарлар Қазақстан Республикасының аумағында болуға тиіс.