Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде оларға қойылатын талаптар

Тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан кеткен кезде оларға қойылатын талаптар
Осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, егер бұл тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлардың орын ауыстыру жерлерінен кетпеген болса, шетелдік тауарлар белгілі бір кедендік рәсіммен орналастырылған кездегідей не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келген кездегідей санда және жай-күйде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілуге тиіс.
Табиғи тозу немесе кему не қалыпты тасымалдау (тасу) және (немесе) сақтау жағдайлары кезінде тауарлардың табиғи қасиеттерінің өзгеруі немесе көлік құралында төгілмейтін қалдықтардың болуы салдарынан олардың санының өзгеруі салдарынан осындай шетелдік тауарлардың санын және (немесе) жай-күйін өзгертуге жол беріледі.