Акцизделетін тауарларды экспорттауды растайтын құжаттар Мыналар болып табылады:
-экспортталатын акцизделетін тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт);
-акцизделетін тауарларды экспорттың кедендік рəсімінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгісі бар тауарларға арналған декларация немесе кеден органы куəландырған оның көшірмесі.
Акцизделетін тауарлар экспорттың кедендік рəсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесімен не толық емес мерзімдік декларациялау рəсімі қолданыла отырып əкетілген жағдайда, кедендік декларациялауды жүргізген кеден органының белгісі бар тауарларға толық декларация экспортты растау болады;
-ЕАЭО-ның кедендік шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі бар тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері.
Акцизделетін тауарлар экспорттың кедендік рəсімінде магистральдық құбыржолдар жүйесімен əкетілген жағдайда тауардың ілеспе құжаттары көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі ұсынылады;
-салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ашылған Қазақстан Республикасындағы банктік шоттарына акцизделетін тауарларды өткізуден түсетін түсімнің іс жүзінде түскенін растайтын төлем құжаттары мен банктің үзінді көшірмесі.