
Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы №640 «Салық төлеушілерді салықтық тіркеуге қоюға байланысты кейбір мәселелер туралы» бұйрығының қорытынды ережелеріне сәйкес келесіні жолдайды.
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 109-бабына сәйкес мәжбүрлі түрде қызметін тоқтатуға мынадай шарттарға бір мезгілде сәйкестенетін және талап қою мерзімі ішінде әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілген салық төлеуші жатады:
1) өз бетінше салық есептілігін тапсырмаған;
2) экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырмаған;
3) банктік шоттар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырмаған;
4) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қойылмаған;
5) басқа заңды тұлғаның басшысы және (немесе) құрылтайшысы, бірлескен кәсіпкерліктің қатысушысы болып табылмайтын;
6) қайта ұйымдастырылмаған немесе қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқық мирасқоры болып табылмайтын;
7) салық есептілігін ұсынуды тоқтатпаған;
8) жеке тұлғаларға тиесілі салық салу объектілерінен басқа, мүлік, көлік құралдары, жер салығы бойынша салық салу объектілеріне меншік құқығы жоқ;
9) әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
10) бюджетке салықтар мен төлемдер, кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі, тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің 6 еселенген мөлшерінен аспайтын.
Мәжбүрлі түрде қызметін тоқтатуға жатпайтын салық төлеушілер:
1) салықтық мониторингке жататын;
2) жер қойнауын пайдалану шартына сәйкес қызметті жүзеге асыратын;
3) камералдық бақылау, салықтық тексерулер нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама бойынша орындалмаған не түсініктеме ұсыну жолымен орындалған хабарламасы бар салық төлеушілер - осындай бұзушылықтар болған жағдайда;
4) сот орындаушылары және (немесе) өзге уәкілетті органдар қолданған шаралар (тұтқынға алу, шектеулер) қолданылған салық төлеушілер;
5) ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мақсатында валюталық бақылау рәсімдері аяқталмаған экспорт немесе импорт бойынша валюталық шарттың тарапы болып табылатын немесе табылған салық төлеушілер;
6) талап қою мерзімі ішінде банктік шоттар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған салық төлеушілер.
Мемлекеттік кіріс органдарының іс-әрекеттері:
1) жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей мәжбүрлі түрде қызметін тоқтатуға жататын салық төлеушілердің бастапқы тізімін қалыптастырады;
2) жыл сайын 1 сәуірден кешіктірмей мәжбүрлі түрде таратылатын салық төлеушілердің тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында келесі мәліметтерді көрсете отырып орналастырады:
жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), не заңды тұлғаның атауы;
субъект орналасқан жердегі мемлекеттік кіріс органының атауы;
салық төлеушіні мәжбүрлі тарату жағдайында несие берушілердің және (немесе) құқықтары мен заңды мүдделері бұзылатын өзге де тұлғалардың өтініштерін (шағымдарын) қабылдау үшін мемлекеттік кіріс органының мекенжайы;
3) жыл сайын 1 мамырдан кешіктірмей сұрау жолдайды:
екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға - төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы;
уәкілетті мемлекеттік органдарға - мүліктің, көлік құралдарының, жер учаскелерінің болуы туралы;
тіркеуші органға - нөмірлер тізілімінде мәліметтердің бар (жоқтығы) туралы;
4) жыл сайын 1 маусымнан кешіктірмей несие берушілердің немесе өзге де тұлғалардың өтініштерін (шағымдарын) қабылдайды;
5) жыл сайын 1 шілдеден кешіктірмей мәжбүрлі таратылуға жататын салық төлеушілердің соңғы тізімін қалыптастырады;
6) жыл сайын 1 қыркүйектен кешіктірмей мәжбүрлі түрде тарату туралы талап арыздарды сотқа жолдайды.
2026 жылғы 01 наурызда мәжбүрлі түрде қызметін тоқтатуға жататын салық төлеушілердің бастапқы тізімін қалыптастырылды.
Қойылатын наразылықтардың құқыққа сыйымдылығын растайтын құжаттар қоса берілген, кредиторлардың немесе өзге де тұлғалардың өтініштерін (наразылықтарын) салық органдары 2026 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады.