Бақылау-касса машинасының чегі

Бақылау-касса машинасының чегі

Бақылау-касса машинасының чегі қосымша бақылау-касса машинасын дайындаушы зауыттың техникалық құжаттамасында көзделген, оның ішінде қосылған құн салығының сомасы туралы деректемелерді қамтиды. Сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алушының талабы бойынша деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегінде сатып алушының (клиенттің), алушының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Сатып алушының (клиенттің), тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының талабы бойынша бақылау-касса машинасының чегінде қамтылған барлық ақпарат қазақ және (немесе) орыс тілдерінде көрсетіледі және басылады.